Ереже

Орал қаласы әкімдігінің
2013 жылғы «8» мамырдағы
№ 1258
Қаулысымен
БЕКІТІЛДІ

«Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е

1.Жалпы ережелер

1. «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала аумағындағы жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.«Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5.«Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері.

090000; Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы,182/1

9. Мемлекеттік органның толық атауы — «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

12. «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

13.«Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Мемлекеттік мекеменің қызмет мақсаты болып жер қатынастары мәселелерін реттеу жөніндегі біртұтас мемлекеттік саясат жүргізу болып табылады

14. Міндеттері:

Қаланың жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану

15.Функциялары:

1) иесi жоқ жер учаскелерiн анықтау және оларды есепке алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

2) облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскелерiн беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

2-1) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру жөнiндегi аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

3) мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiнде ұсыныстар дайындау;

4) жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;

5) мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту;

6) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;

7) жердi аймақтарға бөлу жобаларын және облыстық маңызы бар қалалардың жерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзiрлеудi ұйымдастыру;

8) елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;

9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастыру;

10) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргiзу;

11) облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;

12) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектiлерiнiң есебiн жүргiзу;

13) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын беру;

14) жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

15) осы Кодекстiң 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;

16) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;

17) жердi резервке қалдыру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау жатады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) Мемлекеттік органдардан, басқа да кәсіпорындардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жер пайдалану мен оны қорғау мәселелері жөнінде ақпарат сұрату, алу;

2) Жер заңнамаларына қайшы келетін жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың шешімдерін қайтару туралы ұсыныс енгізу;

3) Өзінің құзыреті мен билігі шеңберінде мемлекет меншігіндегі мүлікті пайдалануды жүзеге асыру;

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысың қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттегі:

1) өз мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) заңнамаға сәйкес бөлім мамандарын тағайындайды және лауазымынан босатады;

3) бөлім бойынша бұйрықтарға қол қояды;

4) өз құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мемлекеттік органдарда және мекемелерде өз өкілеттігін көрсетеді;

5) заңнамаларға сәйкес басқа да міндеттерді де жүзеге асырады;

6) тәртіптік жаза қолданады;

7) Өз ұжымындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жағдайына дербес жауап береді.

«Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

22. «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы басқарады.

4.Мемлекеттік органның мүлкі

23. «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

25.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26.«Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.